«Ауыл» партиясы: Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа философиясы
Астана қаласында 2026 жылғы 3 ақпанда «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы талқыланды. Жиынға партия мүшелерімен қатар Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері қатысып, ұсынылған құжатты елдің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдады.
Отырысты ашқан партия төрағасы, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі *Серік Егізбаев* жаңа Конституцияны «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы әрі ел дамуының жаңарған философиясы деп атады. Оның айтуынша, бұл бастама Мемлекет басшысы *Қасым-Жомарт Тоқаев* ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы.
Жиында ерекше назар жаңа бір палаталы Парламент – «Құрылтай» құру мәселесіне ауды. Мәжіліс депутаты *Жигули Дайрабаев* 145 депутаттан









